Жердің қасынан бас сүйек түріндегі өлі комета ұшып өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні кешке Жердің қасынан пішіні жағынан бас сүйегіне ұқсас комета ұшып өтті, деп хабарлайды Утро.ру.

Жердің қасынан бас сүйек түріндегі өлі  комета ұшып өтті

Ғалымдар әуелі Жерге алып астероид жақындап келеді деп шамалап отырған, одан кейін НАСА-да мәселе Күнді көп рет айналу кезінде өз материясының айтарлықтай бөлігі мен құйрығын жоғалтып алған өлі комета туралы болып отырғанын нақтылады.

«Үлкен асқабақ» деп аталып кеткен ғарыш нысанына 2015 TB145 нөмірі берілді, оның диаметрі - 400 метр, 35 шақырым-сек жылдамдықпен қозғалады.

Астрономдарды кометаның пайда болуынан кейін ол туралы өте кеш - 10 қазан күні ғана білгендіктері таңдандырды. Егер аспан денесі Жер үшін қауіпті болса, оны алдын алу былай тұрсын, құлауына дайындалуға да уақыт жетіспес еді.