Жердің құнарлы қабатын сыдырып алған: павлодарлық шаруа жауапқа тартылды

жер
Фото: Александр Павский/Kazinform

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Ол топырақтың құнарлы бөлігін өндіріс үшін пайдаланбақшы болған. Ойланбай жасаған әрекеті үшін 2,6 млн теңге айыппұл төлейді.

Бұл туралы өңірлік жер қатынастары басқармасынан хабарлады.

«Басқарма Аққулы ауданының тұрғынынан түскен шағым негізінде тексеріс жүргізді. Анықталғандай, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің құнарлы қабатын сыдырып алған. Ол мұны өзінің шаруашылығындағы өндіріс үшін пайдаланбақшы болған», - деп хабарлады мекемеден.

Құнарлы жерді бүлдіргені үшін шаруа әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 33-бабы бойынша кінәлі тұлғаға 700 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (2,6 млн теңге) айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар