Жерге қонбай ұзақ ұшқан авиарейс рекорды жаңартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аустралиядағы Qantas әуе компаниясына тиесілі Boeing 787-9 лайнері әуеде ең ұзақ авиарейсті орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат FlightAware порталының деректеріне сілтеме жасап.

Жерге қонбай ұзақ ұшқан авиарейс рекорды жаңартылды

Рейс 19 сағат 14 минут бойы жерге бір қонбастан, Нью-Йорк қаласынан Сиднейге ұшып барған. 16 мың 309 шақырымды еңсерген ұшақ 37 минутқа кешіккен.

Бұған дейінгі рекорд Нью-Йорк-Сингапур рейсіне тиесілі еді. Сол кезде ұшақ 18 сағат 50 минут бойы әуеде болған.