Жерге оралатын экипажы бар «Союз ТМА-19М» ХҒС-дан бөлінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бортында Ресей ғарышкері Юрий Маленченко, NASA астронавты Тимоти Копрой және ЕКА астронавты Тимоти Пик бар «Союз ТМА-19М» кемесі ХҒС-дан бөлініп, Жерге қарай бет алды, деп хабарлады ресейлік РИА Новости агенттігі.
«Мәскеу уақытымен сағат 11.52 «Союз» Жер атмосферасының тығыз қабатына кіреді деп жоспарланған. Осы кезде байланыс уақытша үзіледі. Ғарышкерлерге сағат 11.58-те 4G көлемінде жүктемені сезеді.
Капсула Мәскеу уақытымен сағат 12.15 Қазақстан Республикасының Қарағанды облысы Жезқазған қаласынан 147 шақырым жерге қонады деп күтілуде. Есептеу мәліметі соңғы нәтижеден өзгеше болуы мүмкін», - деп атап өтті Ұшуды басқару орталығының өкілі.