Жерге Туттля-Джакобини-Кресака кометасы жақындап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жерге Туттля-Джакобини-Кресака кометасы жақындап келеді. Оны биыл сәуір айында телескоппен, тіпті дүрбімен қарауға болады.
None
None

Аспан денесі ғаламшарға 22 млн  шақырым қашықтыққа дейін жақындайды. Құйрықты жұлдыз Юпитер тобына жатады. Демек, ол газ алыбының тартылыс өрісінде жүргендіктен, Күннен алыс ұзап кете алмайды. Кометаның орбитаны айналу кезеңі 5,42 жылды құрайды. Ол Жердің жанынан осымен алтыншы рет өтіп жатыр.

Бұл нысанды танымал астролог Хорос Туттль 1858 жылдың көктемінде ашқан еді. Осыдан кейін 1907 және 1951 жылдары тағы екі ғалым Мишель Джакобини мен Любор Кресак ашты. Сол себепті кометаға осындай ұзақ есім берілген, деп жазды The Guardian.

Соңғы жаңалықтар