Жерге жақындап келе жатқан 3 ірі астероид анықталды

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Астрономдар қазан айының соңында Жерге жақындап келе жатқан көлемі 2-ден 20 шақырымға дейін жететін үш ірі астероидты анықтады. Олардың екеуі жерге жақын орналасқан ірі нысандардың арасында көлемі жағынан екінші және үшінші орындарда. Ғалымдар олардың осы кезге дейін байқалмай келгеніне таңданыс білдіруде.
None
None

Бұл астероидтардың ғылыми түрде ашылуы бірнеше себеп бойынша «кеш қалған», атап айтқанда, астероидтардың бірінің ұзақ уақыт бойы айналуына байланысты (ол 146 жылда Күнді бір-ақ рет айналады), ал басқа екі нысан бұрын көзге көрінетіндей Жерге осыншалық жақын келмеген, - деп хабарлады РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар