Жергілікті әкімдерге табыс көзін қалыптастыру құқығы беріледі - Б. Сағынтаев

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Жергілікті әкімдерге табыс көзін қалыптастыру құқығы беріледі.
None
None

Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндаған Үкімет басшысының бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Тоқтала кететін жайт, аталған құжаттың мақсаты жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруда азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету үшін құқықтық шарттарды жасау болып табылады. Бұл ретте жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде ауылдардың, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың тұрғындарының рөлін арттыру көзделеді.

«Бұдан бөлек, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде басқаруды кеңейту қаралады. Оның ішінде әкімдерге табыс көздерін қалыптастыру құқығы беріледі. Бұл ретте әкімдердің қарамағындағы мүлікті жалға беруден түсетін кірістер, ерікті алымдар, қайырымдылық және демеушілік жарналар, айыппұлдың жекелеген түрлері, сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлемдер, сонымен бірге, заңнамаға қайшы келмейтін өзге де түсімдерді әкімдердің өздеріне қалыптастыру құқығы беріледі», - деді Б. Сағынтаев.

Оның айтуына қарағанда, жергілікті халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру және қосымша табыс алу үшін ауылдық әкімдерге аудандық коммуналдық меншіктің бір бөлігін, атап айтқанда, мәдениет үйлерін, кітапханаларды, бала бақшаларды, спорт нысандарын беру қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар