Жергілікті билік мүгедектер мәселесіне немқұрайлы қарайды - Бас прокуратура

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде мүгедектердің тұрғын үй мәселесі дұрыс шешілмейді. Ал жергілікті билік оған немқұрайлы қарап отырады. Бүгін мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған алқа мәжілісінде ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев осылай айтты.
None
None

«Бүгінде мүгедектердің адам сенгісіз жағдайларда күн көріп жатқанын жиі көреміз. Оған қоғам әбден үйренген сияқты. Ал жергілікті билік мүгедектердің тұрғын үй мәселесіне немқұрайлы қарайды. Шынын айту керек, мүгедек жандардың тұрғын үйге деген құқықтары жиі бұзылады. Бізге қарағанда, олардың өздігімен баспана алуға мүмкіндігі аз екендігін түсіну қиын емес қой», - дейді А.Дауылбаев.

Бас прокурор атап көрсеткендей, Қостанай қаласында екі жылдың ішінде тек бір ғана мүгедекке үй берілді. Ал әкімдік кезегінде тұрған ондай азаматтардың саны 908 адамға жеткен. Сол сияқты мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа алу көрсеткіші де төмен болып тұр. Бүгінде республика бойынша еңбекке қауқары бар 425 мың мүгедектің тек 15 пайызы ғана жұмыспен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар