Жергілікті биліктің жер беруге қатысты шығарған шешімдердің 70 пайызы заңсыз деп танылды - Қ.Отаров

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Өткен үш жылда жергілікті билік органдарының жер телімдерін беруге қатысты шығарған шешімдердің 70 пайызы заңсыз деп танылды.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров мәлім етті.

Оның хабарлауынша, 2008-2011 жылдары жергілікті биліктің жер телімдерін беруге қатысты 3301 шешімі тексеріліп, 2382 шешім заңсыз деп танылды.

«Бұл көрсеткіш жыл санап өсіп келеді. Онымен бірге халық тарапынан жергілікті билік органдарының заңсыз жұмысына қатысты соттарға түсіп жатқан арыз-шағымдар да көбеюде», - дейді Қ.Отаров.

Агенттік төрағасы атап көрсеткендей, тексерістер кезінде жергілікті билік органдары шығарған 1423 шешімнің күші жойылды. Әкімдіктерде жұмыс істейтін 181 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, 7 млн. теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ әкімдіктердің 125 жетекшісі мен 218 қызметкеріне қатысты тәртіптік жаза қолданылды.   

Соңғы жаңалықтар