15:46, 07 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына 1 мың 861 азамат қатысқысы келеді - ОСК
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қаңтардың 7-дегі мәліметтер бойынша, 2012 жылдың 15-ші қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы мәслихаттарының кезекті сайлауына қатысу үшін 1 мың 861 үміткердің кандидатурасы ұсынылды.

Бұл мәліметтерді бүгін Орталық сайлау комссиясының кезекті отырысында комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
Оның деректеріне қарағанда, аталған үміткерлердің 17-сі Астананың, 12-сі Алматы қаласы мәслихаттарының депутаты болғылары келеді. Ал аудандық мәслихаттардағы орындардан 1 мың 349 азамат дәмелі. Сондай-ақ 324 азамат облыстық мәслихаттардың депутаттағына ұмтылып отыр. ОСК осы уақытта мәслихат депутаттығына кандидат ретінде 24 азаматты тіркеген.