Жергілікті нысандарды жаңғыртуда жергілікті өнім өндірушілердің әлеуетін пайдалану қажет ? Н. Назарбаев

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жергілікті маңызды нысандар құрылысын жүргізуге баса назар аудару тиіс. Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа арнаған Жолдауы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Әрбір нақты елді мекендерде абаттандыру мен көріктендіру жұмыстары, жолдарды жөндеу, клубтар мен басқа да қажетті нысандардың құрылысын жергілікті билік анықтауы тиіс. Бұл мақсатта нысаналы трансферттер бөлінуі қажет. Ал аудандық мәслихат жергілікті өзін-өзі басқару органы ретінде өздері қаражатты қайда жұмсауды шешулері тиіс», деді Н. Назарбаев. Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай жергілікті мәселелерді шешуде әкімдердің маңызы зор болмақ. «Жергілікті нысандарды жаңғыртуда біз жергілікті өнім өндірушілердің әлеуетін толық пайдалануға тиіспіз. Егер қажетті өндіріс жоқ болса, оларды құру қажет. Бұл бизнес үшін жаңа мүмкіндік әрі жаңа жұмыс орындарының көзі болып табылады», деді Н. Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар