Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту гүлдену мен әл-ауқаттың маңызды шарты болып табылады - Б.Байбек

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту экономикалық гүлденудің, әлеуметтік әл-ауқаттың және азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту гүлдену мен әл-ауқаттың маңызды шарты болып табылады - Б.Байбек

Мұндай пікірді ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бауыржан Байбек білдірді.

«Халық өздерін толғандырған мәселелердің шешілуіне белсенді қатысуы әрі олар үшін белгілі бір жауапкершілікке ие болуы тиіс. Көбіне қала әкімдеріне «Біздің лифтіміз неге таза емес?», деген сауал қойылады. Міне, бұл дұрыс емес. Әкімдер әрбір лифтінің тазалығын қадағалауға тиісті емес. Мұны сол подъезде тұратын азаматтардың өздері қадағалауы қажет. Дәл осындай шара жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болуы тиіс», - деді  ол.

Б.Байбектің атап өтуінше, «Стратегия-2030» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жергілікті өзін-өзі басқарудың жұмыс істеуіне қажетті база қазірдің өзінде  қалыптасқан. Ел Конституциясына өзгертулер енгізіліп, қажетті заңдар қабылданған. Өзін-өзі басқару қызметін жергілікті жерлерде аппаратында 3-5 адам бар 2,5 мың ауылдық әкімдіктер атқаратын болады.