Жергілікті тұрғын Каспий теңізінің жағалауынан артиллериялық снаряд тауып алды
АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Қарақиян ауданына қарасты Сарша аймағынан, Каспий теңізінің жағалауынан жергілікті тұрғын жарылғыш құрылғыға ұқсас зат тауып алды,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Арнайы жүргізілген тексеру іс-шаралары барысында аталған заттың ұзындығы 50 см, диаметрі 10-12 миллиметрлік артиллериялық снард екендігі анықталды.
Снарядты ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлері жою үшін алып кетті.