Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды - Президент

«Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет екендігін де баса айтты.

«Кәсіби мамандардың тапшылығы, сонымен қатар аграрлық ғылымның ойдағыдай дамымауы - осы саладағы қордаланған мәселелер», - деді Мемлекет басшысы.