Жерлесіміз Австралиядағы халықаралық доданың финалында

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Австралияда өтіп жатқан халықаралық доданың финалына өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Жерлесіміз Австралиядағы халықаралық доданың финалында

Жұптық бәсекеде франциялық Кристина Младеновичпен өнер көрсеткен жерлесіміз алдыңғы қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Ал жекелей сында жартылай финалға жолдама алғандар белгілі болды. Әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямс енді ресейлік Мария Шараповамен кездеседі. Ал беларусьтік Виктория Азаренко мен сербиялық Елена Янкович өзара мықтыны анықтайды. Бризбен қаласындағы додаға әлемнің ең үздік теннисшілері қатысуда. Турнирдің жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды.