Жерлесіміз Кукушкин АТР Masters турнирінің үшінші айналымында Надальмен бәсекеге түседі - теннис
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Отандасымыз Михаил Кукушкин теннистен Монте Карлода өтіп жатқан АТР Masters турнирінің үшінші айналымына шықты.
Екінші айналымда ол итальяндық Филиппо Воландриден басым түсті.
Үш сетке созылған тартысты бәсекеде қазақстандық спортшы 7:6 (10:8), 2:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Кукушкиннің келесі қарсыласы әлемнің екінші ракеткасы Рафаэль Надаль болмақ. Испан теннисшісі өз кезегінде финн Яркко Ниеминенді екі сетте тізе бүктірді, есеп - 6:4, 6:3.