Жерлесіміз С. Подобедова үш рекорд орнатып, Әлем чемпионы атанды

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - Түркияның Антальяда қаласында өтіп жатқан Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Светлана Подобедова үш алтын жеңіп алды.
None
None

Кеше біріншіліктің қыздар арасындағы 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кезекті сынында өнер көрсеткен С.Подобедова 3 әлемдік рекорд орнатты. Ол өзінің осыдан бір жыл бұрын Әлем чемпионатында орнатқан рекордтарын қайта жаңартты. Жұлқа көтеруде 134 келіні бағындырған ол, серпе көтеруде 161 келіні көтерді. Екі сайыстың нәтижесі бойынша - 295 келі.

Онда біздің жерлесіміз С. Подобедоваға ресейлік штангашы қыздар Надежда Евстюхина мен Наталья Заболотная едәуір қарсылық көрсетті. Заболотная тіпті жұлқа көтеруде Подобедованың былтырғы 132 келілік рекордын асырып, 133 келі салмақты көтерген болатын. Бірақ ресейліктің бұл рекорды тек бірнеше минуттарға ғана созылды. Қазақстан спортшысы С.Подобедова 134 келіні жұлқа көтеріп, әлем рекордын қайта жаңартты.

Екінші сайыста Н. Евстюхина мен Н. Заболотная тағы да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Серпе көтеруде олардың екеуі де Подобедованың былтырғы рекордын қайталап, 160 келіні бағындырды. Отандасымыз бұл жайтты қайтадан қалпына келтірді. Ол серпе көтеру сайысында 161 келігіе тапсырыс беріп, үлкен жүлдені бәйгеге тікті және қателескен жоқ. Қазақстандық қыз 161 келілік зіл темірді басынан асыра көтерді.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын бар.

Соңғы жаңалықтар