Жерлестеріміз Оксана Яцкая және Елена Коломина шаңғыдан топтық жарыста алтыннан алқа тақты

АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат. /Ербол Азанбек/ - Шаңғыдан топтық спринт жарысында Алексей Полторанин мен Николай Чеботьконың жеңісті жолын қыздар құрамасы да жалғастырды. Бүгін Оксана Яцкая және Елена Коломина жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тақты.

Жерлестеріміз Оксана Яцкая және Елена Коломина шаңғыдан  топтық  жарыста алтыннан алқа тақты

Жерлестеріміз ойынның өне бойында қарсыластарына дес бермей, 20 минут 39,9 секундта мәре сызығын қиды. Спортшылар мәреде екінші орынға табан тіреген қытай құрамасының өкілі Мань Даньдань (Man Dandan) және Ли Хонсюді (Li Hongxue) 36,5 секундқа басып озды. Жүлдегерлер үштігін жапондық спортшылар Омори Наоко (Omori Naoko) және Кобаяси Юки (Kobayashi Yuki) толықтырды. Олар қазақстандық ойыншылардан 54,5 секундқа кешігіп қалды.