16:25, 10 Тамыз 2015 | GMT +5
Жерорта теңізі түбінен 10 мың жыл бұрын қашалған тас табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия мен Израиль археологтары Жерорта теңізіндегі суға батқан аралдан 12-метрлік қашалған тасты тапты.
Ол адам қолымен шамамен 9,5 мың жыл бұрын жасалуы ықтимал. 12 метрлік монолит екіге бөлінген.
Монолиттің пішінін зерттеген және каналдардың болғанын байқаған археологтар оны адам жасауы мүмкін деген пікірге келіп отыр. Материалдың химиялық сараптамасының нәтижесі де мұны растайды. Теңіз түбіндегі рельефтің осындай құрамы бар жақын учаскесі монолит табылған жерден (Сицилиядан оңтүстікке қарай 80 км жерде) 300 метр қашықтықта. Оны тас түрінде шауып, орнататын жерге әкелген деген болжам бар.