Жерорта теңізінде 1164 босқын құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жерорта теңізінде бірнеше қайыққа мінген мигранттар да күшті дауылға тап болды. Абырой болғанда, оларды Италияның жағалау күзеті мен Еуропалық одақ миссиясының құтқарушылары байқап қалған, деп жазады «Хабар 24».

Жерорта теңізінде 1164 босқын құтқарылды

Нәтижесінде 1200-ге жуық босқын аман қалды. Алайда операция кезінде 6 адамның жансыз денесі табылған. Олардың қай елдің азаматтары екені әзірге белгісіз. Жалпы, биыл Жерорта теңізінде 4 мың 700-ден астам мигрант құрбан болған. Олардың дені Ливиядан Италияға жетпек болған жолында көз жұмған.