Жерорта теңізінде 15 мигрант көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеррта теңізінде Европаға жол тартқан 15 мигрант көз жұмды. 2,7 мыңы құтқарылды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Осыған дейін Италияның ӘТК Ливия жағалауынан 6 мигранттың денесін тапқан болатын, олар үрлемел қайықтан құлап кеткен. Сондай-ақ 500 адам құтқарылды деп хабарланған,.
Жалпы 23 құтқару операциясы жүргізіліп, 19 үрлемелі қайық пен 4 жеңіл қайықтан мигранттар құтқарылған.