Жерорта теңізінде 2700 мигрант құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Босқындар ісі агенттігінің деректері бойынша 13 ақпаннан бері Жерорта теңізінде 2700 мигрант құтқарылды, деп хабарлады ВВС агенттігі.
Лампедуза арал әкімшілігі Ливиядан Еуропаға заңсыз өтпек болған адамдарды құтқару қиынға түсіп жатқанын хабарлады.
Әйелдер мен балалар далада түнеуге тура келуде. БҰҰ өкілі қыста теңіз арқылы Италияға өтуге тырысқан мигранттар саны өте көп екенін атап өтті.