Жерорта теңізінде 700-дей мигрант мінген кеме аударылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мальта әскери-теңіз күштері Оңтүстік Италиядағы Лампедуза аралы маңында ауқымды құтқару операциясы жүргізіліп жатқанын айтты, деп жазады шетелдік БАҚ.

Жерорта теңізінде 700-дей мигрант мінген кеме аударылып қалды

Мальта мен Италия әскери кемелері және коммерциялық кемелер бортында 650 адам бар кеме аударылды деген хабарлама түскен сәттен бастап құрбандарды іздеуге кірісті.

Оқиға Лампедузаның оңтүстігіне қарай шамамен 200 шақырымда Ливия суларында орын алғаны белгілі болды.

Соңғы жылдары Солтүстік Африкадан Италияға ондаған мың адамдар барған, олардың көпшілігі соғыс пен қақтығыстан қашқан босқындар.