Жерорта теңізінде апатқа ұшыраған кеме жолаушыларын құтқару операциясы жүргізілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекияның жағалау күзеті Крит аралының солтүстік-батысына қарай 65 миль жерде, Жерорта теңізінде апатқа ұшыраған кемедегі 400 заңсыз мигрантты құтқару операциясын жүргізуде, деп хабарлады шетелдік БАҚ
32 метрлік кеменің апатқа ұшырағандығы жайында дабыл кеше түнде түскен. Кеме бортындағы мигранттардың нақты саны белгісіз, дегенмен алдын ала мәліметтерге қарағанда, олардың саны шамамен 400 адамды құрайды. Айта кетерлігі, кеменің суға батып кету қаупі жоқ.
Грекия Сауда флоты Бірыңғай операциялар орталығының бұйрығымен апатқа ұшыраған кемеге екі жүк кемесін жөнелтті. Сонымен бірге Американың әскери кемесі де көмекке бара жатыр.
Қазіргі уақытта апат орын алған жерге жеткен кемеге мигранттарды отырғызу жүргізілуде.