Жерорта теңізінде бір тәулікте 3500-ден астам мигранттар құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның жағалаулық күзеті өткен тәулікте Жерорта теңізінде 3500-ден астам мигрантты құтқарғанын хабарлады.
Олардың бәрі де Италия порттарына жеткізілді.
Өкімет орындарының айтуынша, адамдарды жасырын тасып жеткізушілер Жерорта теңізіндегі қолайлы ауа райын пайдаланып қалған, деп хабарлады Би-би-си.
Сәуір айында ЕО елдерінің көшбасшылары Жерорта теңізіндегі құтқару операцияларын қаржыландыруды үш есе арттыруға келіскен болатын. Бұл шешім Еуропаға аттанған кеме аударылып, 800-ден астам мигрант суға кеткеннен кейін қабылданды.