19:47, 04 Маусым 2017 | GMT +5
Жерорта теңізінде испандықтар 173 мигрантты құтқарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания жағалау күзеті Жерорта теңізінде Африканың солтүстігінен Еуропаға бармақшы болған 170-тен астам мигрантты құтқарып қалды. Бұл туралы теңізде құтқару қызметі хабарлады.

Марокко билігі Испания тарапына заңсыз мигранттар мінген кеменің Альборан теңізі аумағында жүзіп бара жатқандығын хабарлаған. Кейін белгілі болғандай, осы жерден дәл осындай төрт қайық табылған. Кемеде барлығы 173 адам болған.