Жерорта теңізінде кеме апатынан жүзге жуық мигрант із-түзсіз жоғалып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жерорта теңізінде сәрсенбі күні орын алған кеме апаты салдарынан жүзге жуық мигрант із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында. Бұл туралы Көші-қон мәселелері бойынша халықаралық ұйымнан хабарлады.
«Кеме апатынан тірі қалғандардан сұрау кезінде олар бізге кемеде қалып қойған 100-ге жуық адамның із-түзсіз жоғалып кеткені туралы айтты», - деді Көші-қон мәселелері бойынша халықаралық ұйымның Италиядағы баспасөз хатшысы.
ТАСС хабарлағандай, 25 мамыр күні мигранттар мінген кеме Сицилия бұғазында суға батып кеткен. апат салдарынан 5 адам көз жұмып, 562 адам құтқарылды.