Жерсерігі Каспий теңізінен гауһар тасқа ұқсайтын мұзды түсіріп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - LandSat-8 жерсерігі Каспий теңізінен гауһар тасқа ұқсайтын мұздың бөлігін түсіріп алды. Оны нилас, яғни жұқа теңіз мұзы қоршап тұр. Бұл сурет NASA-ның Жер обсерваториясының сайтында жарияланған.
Хабарламадан мәлім болғанындай, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің оңтүстігіне қарағанда тұзы аз және суы да жұмсақ. Осыған қарай теңіздің солтүстік бөлігінің қыста суық ауа температурасының салдарынан қатып қалу мүмкіндігі де зор. Теңіздің өте таяз жерлеріне мұз барынша қалың болады.
«Гауһар тас» сырт қарағанда теңіз мұздығынан бөлініп қалып, өздігінен қалқып жүргендей әсер қалдырады, деп жазады Газета.ru.
Шын сәнінде франциялық геофизика және мұхит зерттеу зертханасының өкілі Алексей Кураевтың айтуынша, мұздың астыңғы жағы теңіздің түбіне дейін бойлап тұр. Ал оның су бетінде қалып тұрғандай әсер қалдыруы майда мұздардың айналасынан желдің күшімен өтіп жатуына байланысты.