Жеті балықшы қаза тауып, біреуі із-түзсіз жоғалды — Корея жағалау күзеті
Дүйсенбі күні таңертең Кореяның оңтүстік-шығысындағы Кёнджу жағалауында құм тиелген баржамен соқтығысқан балықшылар қайығы аударылып, суға батып кетті, деп хабарлайды Синьхуа Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сегіз экипаж мүшесінің жетеуі қаза тауып, біреуі із-түзсіз жоғалған.
Оқиға Кёнджу қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 6 шақырым жерде жергілікті уақыт бойынша сағат 05:43–те болған.
Жергілікті полиция құтқару қайықтары мен тікұшақтарды жіберген.
Төңкерілген қайық ішінен табылған жеті экипаж мүшесінің жүрегі тоқтап қалғаны анықталды, дәрігерлер олардың қайтыс болғанын растады.
— Тағы бір балықшыны іздеу жалғасуда. Алдын ала тергеу көрсеткендей, соқтығыс капитанның алаңдаушылығынан болған, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшылар табылғанын жазған болатынбыз.