Жеті облыста ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның жеті облысында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

2024 жылғы 24 желтоқсанда Астана, Алматы, Ақтөбе, Балқаш, Павлодар, түнде Қостанай, күндіз Өскемен қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.