Жеті өңірде өрт қаупі бар - ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Төтенше жағайлар министрлігі еліміздің жеті өңірінде жоғары және төтенше қаупі сақталатынын мәлім етті.

 Шығыс Қазақстанда соңғы екі күнде ғана 60-тан астам дала өрті тіркелді
Фото: ШҚО ТЖД

Олар: Алматы, Жетісу, Қызылорда, Ақтөбе, Ұлытау, Қостанай және Жамбыл облыстары.

Сондай-ақ министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында нөсер жаңбыр жауып, тұман түседі.

Кей жерлерде желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайтыны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар