Жетекші республикалық арналар ҚР Конституциясы күніне арналған әскери парадты тікелей эфирде көрсетеді
ТАНА. 30 тамыз. қазАқпарат - Қазақстанның жетекші республикалық арналары ҚР Конституциясының 16 жылдығына арналған әскери парадты Астанадан тікелей эфирде көрсетеді,
деп хабарлады «Хабар» агенттігінің ресми сайты.
Әскерлердің және ең таңдаулы әскери және авиация техникаларының салтанатты сап түзеуін 30 тамызда сағат 11,00-де елдің республикалық арнасынан көресіздер.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін, 30 тамызда елордадағы «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституция күніне, сондай-ақ республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған әскери шеруді қабылдайды.
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған әскери шеруге 2,5 мың әскери қызметшілер, 200 бірлік құрғақтағы техника, 60-тан астам авиатехника - дыбыстан ұшқыр истребительдер, әскери тікұшақтар және басқа да әуе қорғанысы техникалары қатысады. Әскери ұшқыштар әуеде сап түзеп, жоғары шеберліктерін көрсетеді.
Құрлық әскерлері, әуе қорғанысы, әскери-теңіз күштері, сондай-ақ ІІМ, ҰҚК және ТЖМ құрамалары салтанатты саппен өтеді.
Мерекелік салтанат 22.00-де отшашумен аяқталады.
Бүгін ел аймақтарында еңбек ұжымдарының, студенттердің, мектеп оқушыларының шеруі, концерттер мен спорттық шаралар өтеді. Осы күнге орайластырылып бірқатар жаңа нысандар ашылмақ.