Жетекші тауар биржаларында мұнай бағасы көтерілді
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 3 қаңтардағы сауда қорытындысымен Лондондағы InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 0,09 долларға көтеріліп, баррелі 94,84 долларды құрады, деп хабарлады РБК агенттігі.
Нью-Йорктің New York Mercantile Exchange (NYMEX) тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 0,17 долларға қымбаттап, баррелі 91,55 долларға жетті.