Жеті адам контрабандалық жүкке қатысты күдіктелуде - ҚР ҰҚК
АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - «Қасық» заставасының әскери шекарашылары жедел-іздестіру шаралары ауқымында контрабандалық жүкке қатысты күдікті Қазақстанның бес және Қырғызстанның екі азаматын ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
12 «Митсубиси Делика» автомобиліне тиелген жүк жеке үйдің ауласында тұрған, онда жалпы салмағы 11 340 келі құс еті мен 1 350 келі халық тұтынатын тауарлар болған.
Ұсталған адамдар контрабандалық қызметке қатыстылығын мойнына алмай отыр. Үй иесі де 12 автомашинаның аулаға қалай кіргенін түсіндіре алмады.
Бұл оқиға бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.