Жеті боксшымыз Таиландта «Король Кубогы» үшін таласады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеті боксшы Таиландта «Король Кубогы» үшін таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеті боксшымыз Таиландта «Король Кубогы» үшін таласады

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов Таиландта 3 сәуір күні жалауы желбірейтін додада жас спортшыларымызға үміт артып отырғанын айтты.

«Король кубогы» жарысы бір-екі жылдай уақыт өткізілмей қалған еді. Биыл қайта ұйымдастырылғалы отыр. Біз бұл додаға үшінші номерлі боксшыларымызды аттандырдық. Бұл олардың тәжірибе жинауына үлкен мүмкіндік. Бірақ, ішінде мықты, талантты боксшылар да бар. Ал негізгі құрам сәуір айының аяғы мен мамырдың басында Ташкентте өтетін Азия біріншілігіне дайындалып жатыр», - деп атап өтті бас бапкер.

Таиландта Қазақстан намысын қорғайтын боксшылар тізімі:

49 келіге дейін - Шалкар Айқынбай

52 келіге дейін - Азат Махметов

56 келіге дейін - Нұрбол Қалжанов

60 келіге дейін - Сұлтан Зәуірбек

64 келіге дейін - Қуан Қуатов

69 келіге дейін - Садриддин Ахмедов

75 келіге дейін - Ерік Альжанов.