Жеті камбоджалық 45 пенс үшін ажал құшты
Оқиға солтүстік-батыстағы Сиемреал провинциясында сенбі күні кеште болды. Басылымның мәліметтері бойынша, жергілікті тұрғын пайдаланылмай құрғап қалған құдыққа ақшасын түсіріп алған, ер адам оны алу үшін құдық ішіне түскенде оттегі жетпей жан тапсырған.
Жергілікті полиция өкілінің хабарлауынша, оған көмекке туыстары мен көршілері келген. «Туыстары мен көршілері ер адамның құдыққа құлап кеткенін көргеннен кейін көмектесу үшін оның соңынан құдыққа түскен, бірақ та олар да есінен танып, құдықтың ішінде мерт болған», деді жергілікті полиция өкілі Муй Норн.
Үндістандық NDTV телеарнасының мәліметіне қарағанда, оқиға салдарынан үш жасөспірім қазаға ұшыраған. Мерт болғандардың апасының айтуынша, олар әкесіне көмектеспек болған, өйткені құдыққа түсіп кеткен ақша кедей адамдар үшін едәуір сома екен.
Полиция мәліметтерінше, барлығы жеті адам көз жұмған. Алдын ала мәліметтер бойынша олардың өліміне оттегі жетіспеуі себеп болған.