Жеті минуттық жүгіру – өлімнің жүрек дерттерінен пайда болуын 30% қысқартады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Күніне жеті минут жүгіру өлімнің жүрек-қан тамыр аурулары салдарынан болу фактісін азайтады, деп хабарлады Айова Университетінің американдық ғалымдары.
Ғалымдар тәжірибелерінде 18 бен 100 аралығындағы 55137 адамды 15 жыл зерттеген .
Нәтижесінде, жүгірумен айналысқан адамдарда өзгелерге қарағанда өлімге итермелейтін себептер 30% кем болса, жүрек-қан тамыр аурулары мен инсульттан көз жұму қаупі 45% төмендеді. Жүгіруге әуес жандар 3 жыл ұзағырақ өмір сүрген. Аптасына небәрі 50 минут, немесе күніне шамамен 7 минут жүгіру өлім қаупін күрт азайтты, деп хабарлады Healthvesti порталы.