Жеті млн теңгенің темекісі Астанаға заңсыз әкелінген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 7 миллион ​​теңгеден астам сомаға заңсыз темекі өнімдерінің партиясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеті млн теңгенің темекісі Астанаға заңсыз әкелінген
Фото: Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаменті

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері елордада рейд барысында вейп, кальянға арналған және электронды темекі сияқты сәйкестендіру құралынсыз (акциз маркасы) 5 360 темекі бұйымын анықтады.

Жалпы сомасы - 7 841 500 теңге.


Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабымен сәйкестендіру тәсілімен темекі бұйымдарын таңбалау қағидасын бұзу бойынша материалдар жасалды.

Нәтижесінде тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.