Жеті піл пойыз доңғалағының астына түсіп өлді

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Үндістанның Батыс Бенгалия штатында жолаушылар пойызы жеті пілді басып кетті.
None
None

OneIndia News ақпараты бойынша, Джайпурдан Камакхьюға бара жатқан пойыздың жылдамдығы аса жоғары болған. Чапрамари қорығының аумағында темір жолдың бойынан қырық піл өтіп бара жатқан. Машинист пойызды тоқтатып үлгере алмады.

Пойыз оның доңғалағына соғылған пілдің біреуінің денесі тұрып қалғаннан кейін ғана тоқтады.

Апаттың салдарынан жеті піл өлді.

Соңғы жаңалықтар