19:43, 24 Ақпан 2023 | GMT +5
Жеті республикалық автожолда көлік қозғалысы жанданды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық маңыздағы 7 тасжолда қозғалысқа енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Ақмола облысында «Астана-Петропавл» тасжолының Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейінгі аралығында және Астана-Щучье бағытында қозғалысқа енгізілген шектеу алынды.
Сонымен қатар,«Екатеринбург-Алматы» тасжолының Атбасар-Астраханка бағыты ашылды.
Көкшетау қаласынан Зеренді ауылына дейінгі тасжол да ашық.
СҚО бойынша «Астана-Петропавл» тасжолының Ақмола облысы шекарасы-Келлеровка ауылы бағыты ашық тұр.
Сонымен бірге «Жезқазған-Петропавл» тасжолында көлік қозғалысы жанданды.
Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан М-32 және А-26 бағыты ашық.