Жеті жасар қыз балаға самбы ханшайымы болуға рұқсат етілді

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Бразилия соты жеті жасар Жулиа Лираға (Julia Lira) ақпанның 12-сінде басталатын Рио-де-Жанейродағы карнавалда Unidos do Viradouro самбы мектебінің думанын бастауға рұқсат етті,

Жеті жасар қыз балаға самбы ханшайымы болуға рұқсат етілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғаушылар жеті жасар қыз баланың адам сезімін қоздыратын биші рөлінде өнер көрсетпеуі керек деп санайды.

Думанды бастаудағы Жулианың құқығын қорғауда оның әкесі - Unidos do Viradouro самбы мектебінің директоры Марко Лира әрекет етті. Ол қызының костюмі тым ашық болмайтынын және ата-анасының бақылауында болатынын айтты.