Жеті жасар қыз жетінші қабаттан құлап, аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Дондағы Ростов қаласының жеті жасар тұрғыны көп қабатты үйден құлап, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты.
"Бұл жұма күні кешке қаланың Совет ауданында орын алды. Қыз бала 7 қабаттан құлаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Алдын ала ақпарат бойынша ол бөлмеде 9 жасар әпкесімен бірге болған", - делінген Ресей ІІМ Ростов облысы бойынша МБ баспасөз қызметінің хабарламасында.