Жетім қыздың мүлкін спирттік ішімдіктер сатып алу үшін саудалағандардың ісі әшкереленді

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде кәмелет жасқа толмаған жетім қыздың мүлкін спирттік ішімдіктер сатып алу үшін саудалаған пәтер жалдаушылардың ісі әшкереленді. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев айтты.
None
None

«Еліміздегі қорғаншы және қамқоршы органдардың жекелеген лауазым иелері кәмелетке толмағандардың мүліктерін сақтап қалу бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамай отыр. Осындай немқұрайлылық жетім балалардың мүліктерінен заңсыз айырылуына әкеліп соғады. Мысал ретінде, Непке деген кәмелетке толмаған жетім қыздың мүлкін айтуға болады. Оның мүліктерін пәтер жалдаушылары спирттік ішімдіктер сатып алу үшін сатып жіберген», деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, прокуратура кәмелетке толмаған қыздың мүддесін қорғау үшін талап арыз берген, сот оны толықтай қанағаттандырған.

Соңғы жаңалықтар