«Жетінші арнаның» бас директоры ауысты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Телеарнаның жаңа директоры болып «Жетінші арна» бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары болған Әлия Бабаева тағайындалды.
Телеарна хабарлағандай, бұл шешім бұрынғы басшы Қуат Бахридиновтың NUR.KZ басшысы қызметіне ауысуына байланысты қабылданды. К. Г. Бахридиновке компанияның бақылаушы кеңесінің мүшесі ретінде жұмысын жалғастыру ұсынылды.
Әлия Сәбитбекқызы 1976 жылы туған. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік академиясын экономист халықаралық мамандығы бойынша аяқтаған. 2016 жылғы 1 сәуірде қысқа мерзімде компанияның қаржы тиімділігі көрсеткішінің өсімін қамтамасыз еткеннен кейін арнаның басшысы болып тағайындалды.
«Кадрлық өзгеріс компанияның қазіргі бағытын өзгертпейді. «Жетінші арна» белгіленген жоспарға сәйкес көңіл көтеретін жанр форматында жұмысын жалғастыратын болады», - деп хабарланды баспасөз парағында.