Жетінші қабаттан құлап аман қалды

АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - Томскіде ер адам жетінші қабаттағы терезеден құлап, жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Жетінші қабаттан құлап аман қалды

«Бирюкова көшесінің бойындағы үйдің терезесінен ер адам құлағаны туралы хабарлама түскен. Аталған мекен-жайға шұғыл полиция қызметкерлері барды. Зардап шеккен 26 жастағы ер адам жедел медициналық көмек көрсету қызметімен қалалық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады аймақ бойынша ІІМБ баспасөз қызметінен.

Болған жағдайға байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, құлаған кезде ер адам көше бойына орнатылған шамға ілініп қалған. Ол оның аман қалуына сеп болса керек.