Жетісай ауданының әкімі Шаблан Ділдәбеков ауылының тұрғындарымен кездесті
Әкім құрылыс жұмыстарының уақытылы әрі сапалы аяқтау қажет екендігін атап өтті. Мердігер компания өкіліне ел үшін жасалатын жұмыстарды кемшіліксіз жасау керектігін ескертті. Жамантай Бейсенбаев сапары барысында сондай-ақ, «Самұрық» аяқ-киім шығару цехында да болды. Кәсіпорынның жұмыстарымен танысқан аудан әкімі, сонда жұмыс атқаратын әрбір қызметкермен сөйлесті.
Цех басшысына халыққа тиімді бағамен сату керектігін және сапалы отандық тауар өндірушілерді әрқашанда қолдайтынын айтты. Бұдан кейін аудан әкімі «Бірлік» мәдениет үйінің тарихи музейінде болып, ондағы тарихи көне жәдігерлермен танысты. Жұмыс барысының соңына қарай аталмыш округте орналасқан Сұлтанбек Қожанов атындағы №42-ші жалпы орта мектебінің оқу базасына барып көрді. Мектептің жылу маусымына дайындықтарын тексеріп, Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдық мерейтойына орай ескерткішке гүл шоқтарын қойды.