Жетісайда 10 жасар бала суға ағып кетті

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағы Жетісай ауданында суда іздестіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісайда 10 жасар бала суға ағып кетті

Бұл жұмыстар кеше, 18 шілдеде сағат 07:10-да басталды. Құтқарушы-сүңгуірлер Жетісай қаласындағы ені 40, тереңдігі 5 метрлік суармалы «Достық» каналында 2010 жылы туған баланы іздеген.

Алдын ала белгілі болғандай, 17 шілде күні сағат 14-30-да жасөспірім достарымен бірге суға түсуге арналмаған жерде ересектердің қарауынсыз шомылып, батып кеткен. Жүргізілген іздестіру жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылғы 18 шілдеде сағат 12.05-те құтқарушылар баланың денесін тапты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы, 1 жүзу құралы, Жетісай аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері және туыстарынан 8 адам жұмылдырылды.