Жетісайда 74 адамның ақшасын жымқырған қаржы пирамидасының жолы кесілді

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Жетісайда қаржы пирамидасының жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
None
None

Бүгін брифингте Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков Жетісайда полицейлер қаржы пирамидасының қызметін тоқтатқанын мәлімдеді.

Бұл жайт ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген.

«Тергеу барысында кеңсеге тінту жүргізіліп, құжаттар, жабдықтар, компьютерлер және басқа да айғақты заттар тәркіленді. Полицияға Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарынан 74 тұрғыны арызданған. Жәбірленушілер саны әлі де артуы мүмкін. Шығын көлемі анықталып жатыр. Бүгінгі таңда Жетісай аудандық полиция бөлімінің базасында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды», - деп атап өтті департамент бастығы.


20 тамызда Шымкент қаласынан полиция бөліміне пирамида жасады деген күдікпен Жетісай ауданының тұрғыны ЖШС директоры жеткізілді. Сондай-ақ оның екі сыбайласы, Мақтаарал ауданының тұрғындары ұсталды. Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер қамауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға «жеңіл ақша» үшін кез келген бейтаныс адамдарға сенбеу қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар