Жетісайда көпбалалы 145 отбасыға азық-түлік таратылды

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Жетісай ауданында қасиетті Рамазан айының құрметтіне орай «Жылы жүрек - жомарт қол» атты қайырымдылық акциясы өтті. Аудандық «Нұғыман» мешіті мұрындық болған шарада 145 отбасыға азық-түлік таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайырымдылық шарасында аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы жанұяларға 13500 теңгелік азық-түлік пен күнделікті тұрмыстық заттар себеті табыс етілді.

«Рамазан - қайырымдылық айы. Осы қасиетті айда мешіт ұжымы мен жергілікті жомарт жандар бірігіп, бүгінгі акцияны ұйымдастырып отырмыз. Жыл басынан бері біздің мешітте көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі мүшелері бар және аз қамтамасыз етілген отбасылардың тізімі жасақталды. Нәтижесінде 500-ге жуық отбасын тіркедік. Сөйтіп, осы отбасыларға жыл бойы қолдау, жәрдем беріп отыруды ұйғардық. Осы мақсатта бүгін 145 отбасына бір айға жететін азық түлік себетін тарту етіп отырмыз»,- дейді «Нұғман» мешітінің бас имамы Бекзат Сыздық.
null null

Айта кетейік, Рамазан айы басталғалы бері «Нұғман» мешіті жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, бұған дейін түрлі қайырымдылық акцияларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Аудандағы көпбалалы 12 отбасыға баспана салу ісін қолға алып, «Баспанаға жол» қайырымдылық шарасы арқылы үйсіз жүрген 7 отбасыға тұрғын үй сатып алып берген болатын.
null null null null null

Соңғы жаңалықтар