Жетісайда жыл басынан бері 5 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Жетісай ауданында жыл басынан бері өнім көлемі 11 млрд 421,5 млн теңгені құраған. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1 млрд 177,2 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Мұрат Қадырбектің айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім көлемі 3,6 млрд тенге болған. Сондай-ақ, 5 млрд 756,3 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Инфрақұрылыммен қамту бойынша аудандағы қала, кент және ауылдық округтерге қарасты 113 елді мекенің 103-і орталықтандырылғын ауыз сумен қамтылған. Ал газдандыру саласында 113 елді мекеннің 54-і газбен қамтылған. Бұл аудандағы елдімекендердің жалпы санының - 47,7% құрайды.

«Аудандағы ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 899,1 шақырым, оның ішінде 661,1 шақырымы – асфальт, 227 шақырымы – шағал тас, 11 шақырымы – топырақ жол. 2021 жылы субвенция және жергілікті бюджет есебінен бөлінген 445 млн теңгеге жалпы ұзындығы 25,7 шақырымды құрайтын 32 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде» ,- деді аудан әкімі.


Соңғы жаңалықтар
telegram referendum